Released on October 11, 2018

34K Views

Thumbnail

[«Boyman» әнінің мәтіні]


[Шумақ 1: BALA]

Кейде көңiл-күйге қарамай

Түрлi-түстi әлемдi аралаймын, эй

Үлкендер ертегi айтады ұдайы

Кiмге сенiп, кiмнен айналайын? Ай


[Қайырма алды: BALA]

Мама! Мен сиқырға әлi сенгiм келедi!

Мама! Менiң күлкiм мен мұңым

Сенен бөлек, кiмге керек?

Бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін созылдым мен

Бiрақ биiктiк өлшенбейдi…

[Қайырма: ALEM & BALA]

Боймен

Сенгім келеді

Сенгім келеді

Сенгім келеді


[Шумақ 2: ZAQ]

Шыбық ұстап алған самурай

Бақшадан күнде терiп жүредi таңкурай

Арман қуалайды, бiраз қиялдайды

Бiрақ Аяз-Ата оны жиi алдайды

Ал кәз жоқ ертегi оның есiне алар

Тек анда-санда тасбақа-ниндзялар

Ол қиялын қоймаған әлi жас-ересек

Тек, шыбықтың орнына кәз — желбезектер…

[Бридж: ALEM, ACE]

Бүлiнген бiлiм бәрiнен зиян

Бiреуге мүмкiндiк, бiреуге қиял

Көп нәрсемен келiсе алмай

Естiлмедi бiр баланың айқайы

(Ай-ай, солай, иə)


[Қайырма алды: ALEM]

(Е) Мама! Мен сиқырға әлi сенгiм келедi!

Мама! Менiң күлкiм мен мұңым

Сенен бөлек, кiмге керек?

Бұл өмiрдiң бiр шыңына дейін созылдым мен

Ал биiктiк өлшенбейдi…


[Қайырма: ALEM]

Боймен

Сенгім келеді

Сенгім келеді

Сенгім келеді


[Шумақ 3: A.Z]

Алма кеттi домалап

Жер тегiс емес — домалақ

Кейде, бала болып, ойнағым келедi

Жерде жатып алып, жорғалап

Күн өтпей шығып кетедi мұртым

Сағындым нағашы мамамның құртын

Ал кәзір бәрiн iстеп үлгеруiм керек

Әзiрге жоқта қайын жұртым


[Аутро: ACE]

Мен өскен сайын, iшiмнен жылаймын

Кiмнiң жаны кедей — сол зұлымға бай

Мама! Мен сиқырға әлi сенгiм келедi!

Мама! Бұлттар төнсе, күнге де бар себеп!