PERISHTEM

By MAD MEN

Thumbnail

Óleń mátіnderі (Latyn) | Өлең мәтіндері (Латын) | Latin Lyrics

[Shýmaq 1: Rem & Aron]

Bizder úshin myń tońyp, myń kúıgen

Bizdi bul ómirge kelmeı turyp súıgen

Jandy jubattyń

Kiltisiń jumaqtyń

Ómir shýaǵym

Úmitińdi aqtaımyn

Ýaıymdama, ana

Qamaldardy taptaımyn

Bilem bul úlken qala

Birde synaıdy, birde qulatady

Birde qýantyp, bir jylatady

Sen barda men qulamaımyn

Esh synaqtan

[Aldyńǵy Qaıyrma: Young & Khay]

Keshirshi erte er jetsem men eger

Erkelik basym bolsa beker

Keshir, ana!

Ózińnen alysta júrsem, júrekte

Qaǵystar múlde bólek, ana

Bólek, ana!


[Qaıyrmasy: Khay & Rem]

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredi

Tolqyta beredi

Qartaıma ótinem

Qartaımashy tek

Qartaıma ótinem

Qartaıma, anashym

Qartaıma ótinem

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredi

Tolqyta beredi

Jasashy máńgi (Jasashy máńgi)

Bosatpa tándi (Bosatpa tándi)

Jasashy máńgi


[Shýmaq 2: Khay]

Tek ájimiń biledi barlyǵyn

Keshegi sábıiń, eseıip qalǵanyn

Meıli synasyn

Kóńilim qulasyn

Ana, tek sen jas tókpe

[Aldyńǵy Qaıyrma: Moora & Rem]

Keshirshi erte er jetsem men eger

Erkelik basym bolsa beker

Keshir, ana

Ózińnen alysta júrsem, júrekte

Qaǵystar múlde bólek, ana

Bólek, ana


[Qaıyrmasy: Khay & Rem]

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredi

Tolqyta beredi

Qartaıma ótinem!

Qartaımashy tek

Qartaıma ótinem

Qartaıma, anashym

Qartaıma ótinem

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredi

Tolqyta beredi

Jasashy máńgi! (Jasashy máńgi)

Bosatpa tándi! (Bosatpa tándi)

Jasashy máńgi


[Bridge: Aron]

Keıde urysyp, jylap qaıtadan kúlemiz

Ósip, tózip, shydap kópti bilemiz

Balań úshin janyń talaı qıyn keshken

Meniń kózge kórinetin jalǵyz perishtem

Ol - sen

Júrektiń tynysy ol - sensiń

Baqyttyń kórinisi ol - sensiń

Ózińe sezim bólek tym

Arman joq kúlip júrseń


[Qaıyrmasy]

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredi

Tolqyta beredi

Qartaıma ótinem

Qartaımashy tek

Qartaıma ótinem

Qartaıma, anashym


[Outro: Rem]

Aıtshy nege?

Ýaqyt tez eredі

Tolqyta beredі

Jasashy máńgі (Jasashy máńgі)

Bosatpa tándі (Bosatpa tándі)

Jasashy máńgi

Өлең мәтіндері (Кирилл) | Óleń mátіnderі (Kırıll) | Cyrillic Lyrics

[Шумақ 1: Rem & Aron]

Біздер үшін мың тоңып, мың күйген

Бізді бұл өмірге келмей тұрып сүйген

Жанды жұбаттың

Кілтісің жұмақтың

Өмір шуағым

Үмітіңді ақтаймын

Уайымдама, ана

Қамалдарды таптаймын

Білем бұл үлкен қала

Бірде сынайды, бірде құлатады

Бірде қуантып, бір жылатады

Сен барда мен құламаймын

Еш сынақтан

[Алдыңғы Қайырма: Young & Khay]

Кешірші ерте ер жетсем мен егер

Еркелік басым болса бекер

Кешір, ана!

Өзіңнен алыста жүрсем, жүректе

Қағыстар мүлде бөлек, ана

Бөлек, ана!


[Қайырмасы: Khay & Rem]

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Қартайма өтінем

Қартаймашы тек

Қартайма өтінем

Қартайма, анашым

Қартайма өтінем

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Жасашы мәңгі (Жасашы мәңгі)

Босатпа тәнді (Босатпа тәнді)

Жасашы мәңгі


[Шумақ 2: Khay]

Тек әжімің біледі барлығын

Кешегі сәбиің, есейіп қалғанын

Мейлі сынасын

Көңілім құласын

Ана, тек сен жас төкпе

[Алдыңғы Қайырма: Moora & Rem]

Кешірші ерте ер жетсем мен егер

Еркелік басым болса бекер

Кешір, ана

Өзіңнен алыста жүрсем, жүректе

Қағыстар мүлде бөлек, ана

Бөлек, ана


[Қайырмасы: Khay & Rem]

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Қартайма өтінем!

Қартаймашы тек

Қартайма өтінем

Қартайма, анашым

Қартайма өтінем

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Жасашы мәңгі! (Жасашы мәңгі)

Босатпа тәнді! (Босатпа тәнді)

Жасашы мәңгі


[Bridge: Aron]

Кейде ұрысып, жылап қайтадан күлеміз

Өсіп, төзіп, шыдап көпті білеміз

Балаң үшін жаның талай қиын кешкен

Менің көзге көрінетін жалғыз періштем

Ол - сен

Жүректің тынысы ол - сенсің

Бақыттың көрінісі ол - сенсің

Өзіңе сезім бөлек тым

Арман жоқ күліп жүрсең


[Қайырмасы]

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Қартайма өтінем

Қартаймашы тек

Қартайма өтінем

Қартайма, анашым


[Outro: Rem]

Айтшы неге?

Уақыт тез ереді

Толқыта береді

Жасашы мәңгі (Жасашы мәңгі)

Босатпа тәнді (Босатпа тәнді)

Жасашы мәңгі